«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.

Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Міне, осы орайда бүгін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ескелді ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында түсіндіруге бағытталған жиын өтті. «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиал төрағасы А.Баяхан түсіндіру барысында көптеген сұрақтарға жауап берді.