
«Жәрдем» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Қарабұлақ ауылының тұрғындары, қарт кісілерге тегін медициналық көмек көрсетілді.Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге зор денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.
