«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Қарабұлақ ауылындағы балаларға арналған ойын алаңдарының кауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді.Мұндағы мақсат — спорттық снарядтар мен дене шынықтыру жабдықтарын пайдалану кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Тексеру барысында мониторинг тобы бірқатар кемшіліктерді анықтап, ескертулер жасады. Сондай-ақ, оны жою бойынша ұсыныс-пікірлер қалдырды.