ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Ескелді ауданының бірнеше нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін өзгелерден кем санамауы үшін кедергісіз орта қалыптасып, кез келген мекемелерге еркін кіріп – шығуына барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс.
Мүгедектердің қозғалысы үшін мекеменің көлік тұрақтары, пандус, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, арнайы әжетхана, мекемеде құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың бәрінің бекітілген талаптары заңдылыққа сәйкес болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

AMANAT