Сыбайлас жемқорлық қоғамға өте қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына да залалын тигізеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болуда. Қауіпті құбылыс әлемдік деңгейдегі елдердің де қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі қажет. Сыбайлас жемқорлық келеңсіз құбылыспен күресу барша мемлекеттік қызметшілер мен халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік қызмет көрсетуде толық талдау жүргізіп, қызмет көрсету сапасын арттыру және жете мән беру керек. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды ұстанулары міндет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР АШМ ВБжҚК Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының арнайы әлеуметтік парақшасы (инстаграм, фейсбук) ашылған, онда ветеринария саласындағы атқарылған жұмыстар барысы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында, видеороликтер, фото-суреттер, үздіксіз инспекцияның атқарған іс – шаралары жарияланып отырады. Инспекцияның ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекілік құралдар ілінген. Инспекция басшысының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, шағымдары қаралып отырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекел дәрежелері саралап отыруға да жете мән берілуде. Сол себептенде мемлекеттік қызмет көрсету түрлері электронды нұсқада атқарылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы болып саналады. Әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза ұстап, қызметтік міндеттерін адал атқаруға дағдылануы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік және бірге күресейік.

Д.Тынысбаев.
ҚР АШМ ВБжҚК
Ақсу аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы,
мемлекеттік ветеринариялық —
санитариялық инспекторы