Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін күшейту, жастарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу. Жастардың салауатты салтын ұстануына, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, спорттық шеберлектерін арттыру.
Үстел теннисі өте кең тараған ойын. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып адамның бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру, әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады. Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.
Р.Бейсенбинова.
Төлеңгіт ауылдық округінің жастар
ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы