Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін Салық Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың «Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.  Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы Аты-жөні