«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Адам табиғаттың ажырамас бөлігі»тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян ететін, тарихы мен өткенін жыр ететін ол — кітап. Қай ғасырда болмасын кітаптың орны бөлек екені анық. Осыған орай «Адам табиғаттың ажырамас бөлігі тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне «Көкжазық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Куккузов Болат Сәуілбекұлы қатысып, адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Табиғат — тіршіліктің құт-берекесі екендігін атап өтті.