«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аудандық партия филиалы, халықты жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен бүгінгі жәрмеңкеге еңбекке жарамды ІІІ топ мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Оның барысында күн тәртібі бойынша жұмыс беруші тараппен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдем беру туралы мәселе қарастырылды.Жалпы, жәрмеңкеге 15 тен астам жұмыс беруші қатысып, өздерінің өндіріс орындарын таныстыра келе, жұмыс іздеушілерге 10-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Негізінен бос жұмыс орындары келесі салалар бойынша ұсынылды, олар тігінші, қызмет көрсету саласы, күзетші, дайын өнімдерді қорапшалар мен қаптарға жинақтаушы адамдар (фасовщик), механик, электрик, жүргізуші, агроном, түрлі жұмыстарды атқаратын адам (разнорабочий), мал дәрігерлері сияқты салалар. Сондай-ақ, кәсіпорындардың өкілдері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қандай жеңілдіктер жасалатыны жайлы да айтып өтті.