Алдабергенов ауылдық округінде, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы 2020 жылғы 1қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
- Сауда — саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;
- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында, стендте көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары орналастырылды, сондай-ақ халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұр.
Әкімшілікте «Электрондық үкімет» пен egov.kz порталдарында жұмыс істеуге халықты үйрету бойынша жұмыстар жүргізіледі.Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картридерді қолдану тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері айтылып жеткізілуде.