СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай
отырған кеселдің бірі. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұксан келтіреді, жұртшылықтың заң мен еділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Сыбайлас
жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын,
құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының – негізгі басымдықтарының бірі осы құқық бұзушылықпен күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан
әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу
барлық ҚР азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп
білу керек. Ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру
керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жатқылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол
бермейді. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар катаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен
күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Барлық
органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге
міндетті.


Санат САРКЫТОВ,
Ескелді аудандық сотының
аға сот жасауылы