Дәстүрлі көкпар – Ұлттық спортты дамыту

UST-KAMENOGORSK, KAZAKHSTAN - OCTOBER 4 : A traditional nomad game of “Kokpar” in action on October 4, 2009 in Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan. Kokpar is played on horseback to carry dead goat carcass into a goal.

Көкпар үлкенді-кішілі той-мерекенің барлығында өткізіледі. Тек қуанышты сәттерге байланысты өткізілетін ғұрыптық ойын болғандықтан, ас беру сияқты ұлы жиын кезінде көкпар тартылмайды. Қазақы ортада көкпар – ойынның қызығы, тойдың тұздығы, жігіттің сыны, елдің намысы болып саналған.
Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде «марта тарту» деп те атайды.
Осыған байланысты, 2023 жылдың 11-ші қараша күні Қарабұлақ ауылдық округінде Ескелді ауданы Қарабұлақ және Ешкі-өлмес ауыл азаматтары атынан ұлттық спортты дамыту мақсатында бата көкпар жарысы өткізілді. Жарысқа 150-ден аса адам қатысып, нәтижесінде Беташар салымымен Өгіз өлді салымына қол жеткізген-Алишер Бостанбеков болса, үздік шабандоз атанған-Шыңғыс Жақсымбетов.
Жеңімпаздармен жүлдегерлерге Ескелді ауданының бұқаралық- спорттық іс-шараларын өткізу орталығының кубок, грамоталарымен марапатталды.

Г.Омарова.
Ескелді ауданының
бұқаралық-спорттық
іс-шараларды өткізу орталығының жетекшісі