Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында кездесу өткізілді. Шара барысында Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының мамандарына және ауылдық округтердегі спорт жөніндегі әдіскерлерге өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді стандарттарға сәйкес көрсетілу тәртібі мен мемлекеттік қызметтің мерзімдері туралы мәліметтер берілді.
Айта кетсек, Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1)2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
2) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
3) «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Аудандық ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді
дамыту және спорт бөлімі