Бірлік-жалпы қоғамда,адам өмірінде маңызды орынға ие қасиет.Ол адам өмірінде емес,мемлекет үшін зор ықпалды екені белгілі.Ұлттың ұлт болуы үшін ең басты керек қасиеттердің бірі-бірлік.Қазақтың қазақ болып жүргені осы ауызбіршілігінің мол болғанында деп ойлаймын.
Менің ойыма бірлік деген ұғымды естігенде,әуелі өз елім,яғни,Қазақстан түседі.Неге десеңіз,тарихынан қиындық пен кедергі көрген еліміз қаншама жайтты оңайлықпен еңсерген жоқ.Қаншама адам соғысты,қаншама адам қан төкті, жанын қиды.Бұның бәрі-бірін-бірі ойлаған,қандасын,бауырын ойлаған,ұрпағының азаттығы үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасы. “Бірлік” деген сөз бізге ата-бабамыз қалдырған мұра секілді.Бізге ауызбіршіліктің не екенін солардан артық көрсеткен ешкім жоқ шығар,сірә?!
Қазақ елінің бірлігі тарихынан-ақ мығым болғаны бәрімізге хақ.Ал,біз сол бірлікті қазір сақтай алып жүрміз бе?
“Болмасаң да,ұқсап бақ” демекші,қазір де ұлтымыз жаман қарқында емес.Бірлігін жарастырып,ауызбіршілігін сақтап жүрген еліміз бауырмашылдыққа құмар деп білемін.Ол біздің қанымызда бар. “Бірлігі жоқ ел болмайды” деген ұранмен күн кешіп жүргеніміз-біздің бірлігіміздің бекемдігіне дәлел.Қазақстанның бірлігіне бүкіл әлем сүйсінуге тиіс.Себебі,біздің ел-130-дан аса ұлт өкілдерін бір ту астында біріктіріп отырған асыл ел.Бұл қазақтың бірлігі мықты екеніне ғана емес,қонақжай халық екеніне де дәлел бола алады.Бірлік тақырыбына әдебиет саласынан ой қосар болсақ,Ахмет Байтұрсынов атамыздың “Аққу,шортан һәм шаяны” ойға түседі. “Әуелі бірлік керек,болсаң жолдас” деген жолдар бірліктің жалпы адамзатқа,мемлекетке,қоғамға қажет екенін көрсетіп тұр.
Бірлік мерекесін тойлайтын ұлтымның болмысы мені қатты сүйсіндіреді.Сан ғасыр бойы ынтымағы жарасқан қазақ елінің бірлік туы әлі талай биікте желбірейтініне сенімім мол. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері де көптеп саналады. Мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, ұлттық аспаптарды күмбірлетіп ойнап, қазақша құйқылжыта ән салып, мақал-мәтелдеп сөйлегенде өзіңді сүріндіретін де ұлты басқа ағайындарымыз да аз емес. Дүние жүзі елдері Қазақстанды ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ретінде таниды. Бүгінде әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына енуді көздеген Қазақстан дамуы жағынан ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатардан орын алады. Бұған қазақстандықтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етуінің арқасында қол жеткізіп отыр. Жыл сайын аталып өтетін бірінші мамыр – дархан көңіл мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің достығы нығая түсетін күн. Ынтымақ, бірлік – ата-бабалар заманынан келе жатқан асыл қасиет. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны – еліміздегі жүрегі бір, тілегі ортақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз болып табылады. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз – елдің ынтымақ, бірлігі. Ендеше, осы ізгі қасиетті сақтау – бәріміздің де бүгінгі борышымыз екенін ұмытпайық! Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі, достығы арта берсін!
Д.Дауренқызы, Жетісу шұғыласы газетінің дизайнері