Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтілді.
Соған орай Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің ДШСК-інде «Республика күні» мерекесіне арналған мекеме қызметкерлері арасында волейболдан Ескелді ауданының күзгі чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 7 команда қатысып, жүлделі орын алған командаларға Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының медаль грамоталарымен және кубыгымен марапатталды.
Г.Омарова,
Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-
шараларды өткізу орталығының жетекшісі