Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңалықтар

Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған.
Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті.
Қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыруды шектеу барлық лауазымдарға қолданылады, бұрын бұл шектеулер басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қатысты болатын.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша анықтамалық тексеріс жағдайында – 5 жұмыс күнді құрайды.
Сондай-ақ қызметкерлерге қатысты мәліметтерді алу үшін, олардың келісімі болған жағдайда «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы жұмыс берушілерге қолжетімді. Осындай қызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана алуға болады.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының «Жеке кабинетіндегі» «телефон» бағанында телефон нөмірін көрсету немесе оны жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байланыстыру қажет.

Айдын Төребеков,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша Басқарма бастығы
аға әділет кеңесшісі