Жанашыр жүрек

Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік бөлімшесінің» әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-шы қазан күні азамматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында «Жанашыр жүрек» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында ауданымыздың тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жалғыз басты ана Сероштанова Елена Болатхановнаны қолдау мақсатында аула тазалауға көмек көрсетілді.