Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт ұясы Ұлытау жерінде өткен құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Қазанның 25 күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет» деп Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған 1990 жылғы 25 қазанындағы декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті!
Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін! Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін!