Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік.«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әрбір еңбек иесі мақтау мен құрметке лайықты жандар. Соның бірі – денсаулық сақтау саласының жоғарғы дәрежелі дәрігері, еңбек ардагері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, өмірінің тең жартысын медицина саласына арнап, күні бүгінге дейін осы салаға қызмет етіп келе жатқан маман Нұрғалиева Жанат Валиевна.Білімін әрдайым жетілдіріп отыратын ізденімпаз маман иесін «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы «Еңбек адамы» партиялық жобасы аясында құтықтады. Нұрғалиева Жанат Валиевна зейнетке шықса да, зейіні жұмыста. Адам жанына араша болып жүргеніне 43 жылдан асты. Жылдар бойы көз майын тауысқан білімі, тірнектеп жиған тәжірибесін бір сәтке де сарп еткісі келмейді..