Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясы өтті. Сессияны Аудандық маслихаттың төрағасы- Қанат Нүсіпжанұлы ашты.Сессия жұмысына аудан әкімі, орынбасарлары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары және ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқару өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінде
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Бақтыбай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.
2) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 15 бабына сәйкес, Ескелді ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қортындылары туралы, мәслихат сессиясында аталған мәселе бойынша есебі. 3) Аудандық «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының 2023 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыс жоспары туралы, мәслихат сессиясында аталған мәселе бойынша есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
ЖШ АҚПАРАТ