Бақыттың бастауы

25-қазан Қазақ халқы үшін бақыттың бастауы болған ең бір айтулы күн десек болады.
Себебі дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасаған ұлы күн.
Сондықтан бұл күнді әрбір Қазақтың бей жай қарауына болмайды. Әсіресе еліміздің ертеңінен үміт күткен ұрпағымыздың ұмытуына мүлдем болмайды.
Сондықтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік алған күн мен Республика күнінің ара-жігін ажыратып, 25-қазанды «Республика күні», ұлттық мереке ретінде бекітіп отыр. Біз бұл күннің қадыр қасиетін жан тәнімізбен сезініп бір шаңырақ астында өсіп, өніп жатқан басқада ұлт өкілдерімен тату тәтті болып, егемен еліміздің шаңырағын шайқалтпай бірге өркендеуге күш салуымыз керек.

Отан, отан ұлысың сен ұлысың,
Бүкіл адам түсінеді мұны шын.
Егеменді елдің асыл арманы,
Жанымыздың жарқыраған нұрысың.

деп ақындардың жырына, композиторлардың әуеніне, күйшілердің күйіне арқау болған армандап, аңсап жеткен Егемен еліміздің ертеңі баянды болғай.
Қазақ тіліміздің қадір-қасиеті артып, ұлтымыздың ұлылығы ұран болып, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеп, Патриот сезімін оятатын, Республика күні бәрімізге құтты болсын!

Салтанат Құмарханұлы,

Республикалық, Облыстық жыр мүшәйрасының жүлдегері, ақын

Қанат қаққан оқулығының авторы.