Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен ұстаз. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана.
Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік бөлімшесінің» әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қазан айының 3 — күні Мүгедек жандарды қолдау мақсатында «Ана жүрегі» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Ата – аналарды әлеуметтік – психологиялық қолдау, көңіл-күйін көтеру, ашу-ызаны жеңіу техникалары, ата-аналарды бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамытуға шақыру. Тренинг өткізу барысында «Жақсы ана бойындағы он–қасиет», «Мен баламды көзінен танимын», «Қызықты сұрақтар», «Ой мен ойын танымдық сайысы», «Ашу-ызаны жеңу техникалары» пайдаланылды. Тренигтің соңында ата-аналар жақсы әсер алып қайтты.

М.МЫРЗАКУЛОВА
Бөлімше меңгерушісі