Жаһандық бәсе¬кеге қабілетті ел болу үшін жылдан-жылға емес, күннен-күнге дамып жатқан адамзаттың өзі қалай дамуы керек? Қазір «көз көрмей, құлақ естімегеннің емес, айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызып, тастан сарай салғызатын» заманы.
Сондықтан заманға сай білікті бола білуіміз абзал.Сондықтан әрбір тұлға сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек деп ойлаймын. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы қолға алынды. Осы «Цифрлы Қазақстан» жобасының аясында еліміздің барлық мектептерінде Kundelik.kz бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылы жасалған Kundelik.kz жобасы 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.
Бүгінде «Электронды күнделік» жүйесі мектебімізде қарқынды жұмыс жасауда. Журналдар мен күнделіктер жүйесін енгізуді қамтитын цифрлық технологияларды пайдалану арқылы білім беру процесін жетілдіру үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мектебімізде Kundelik.kz жобасын іске асыру нәтижесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Баланың жетістіктері туралы қашықтықтан хабардар ету арқылы
ата-аналарға,оқушылар үшін де маңызы зор болып табылады. Бұл мұғалімдерге таптырмас құрал десек болады. Себебі ғаламтор озған заманда мұғалімдеріміз озық теxнологиямен жұмыс істеуі керек. Мектебіміз бағдарламаны толық меңгеріп, жұмыс жасауда. Бұл бағдарлама толыққанды белең алу үшін күшті қарқынмен жұмыс істейтін ғаламтор желісімен қамтылу тиіс деп ойлаймын. Kundelik.kz жобасы мұғалімдерге артылар күшті жеңілдетеді. Мысалы, тоқсандық баға шығарар кезде автоматты түрде қорытынды бағалар шығып тұрады. Әр баланың бағасы процент арқылы көрініп тұрады. Оны мұғалім де, ата-ана да, оқушының өзі де көріп отырады.Осы арқылы мұғалім ескертпей-ақ, оқушы өз үлгерімін жақсартуды өзі қолға алады. Бұның өзі мұғалім үшін көмек һәм қуаныш. Бағдарламаның мұғалім-оқушы,ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тигізер үлесі өте зор. Бұл электрондық журнал арқылы мұғалімдердің тез бағалауға, ал қойылған бағаны ата-ана мен оқушының сол мезетте көруге мүмкіндігі бар. Ата-ана басқа қалада жүрсе де, кез келген уақытта мектепке келмей-ақ, өз баласының білім деңгейінің қандай екенін бақылап отыра алады. Осыған қарап уақыт жағынан тиімді екенін айтқанымыз жөн.Мұғалімдерді қағазбастылықтан «құтқару» да осы бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі болса керек. Уақыт жағынан, сапасы жағынан да қолайлы бағдарлама заман талабына сай цифрлы жүйеге көшіп жатқандықтан, мұғалім үшін де, оқушы мен ата-ана үшін де керек деп есептеймін.
Бүгінде оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Kundelik.kz оқушылардың алған балына орай бонустар беруде. Атап айтар болсақ, 10 балл – 100 теңге, 9 балл – 90 теңге т.б. Жиналған бонустарды төлемге қолдануға болады. Бұл қосымшаның ерекшелігі оқушының оқуға деген ынтасын, белсенділігін арттырары анық.
Қарақат Манап,
Мелькомбинат негізгі
орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі