Жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында, басқадай құрылымдық бөлімшелерде бүгінгі таңда жете мән берілмей, келе жатқан шаралардың бірі жұқпалы инвазиялық аурулардың эпизоотиялық тізбесін жою болып табылады. Залалсыздандыру дегеніміз- адам мен жануарларға ортақ жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған шаралар жүйесін атаймыз.
Залалсыздандыру түрлері
Дезинфекция,Дезинсекция Дератизация
Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
Дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
Дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
Барлық жұқпалы ауруларда қоздырғыштарының берілуі, жануарлардың ағзасынан шығарылудан басталады. Аурудың қоздырғыштары тарағаннан кейін қоршаған ортада болып, осы ортада бейімделу кезеңінен өтіп, ластап, сау малдың ағзасына өтеді.
Ауданда жиі кездесетін аурулардың қоздырғыштары, мысалы бруцеллез- жайылымдылығы ылғал топырық қабатында — 3 ай, көңде — 50 күнге дейін, қарасан- көңде жарты жылдан астам уақыт, ал топырақта бірнеше жыл, пастереллез – топырақта және көңде сақталу мерзімі- 72 күнде дейін, ал залалсыздандырылмаған өлекседе -120 күнге дейін, сібір жарасы- топырақта және көңде – 100 жылдан астам уақыт бойы сақталады. эпизоотиялық тізбені жою үшін, Сіздер малды жазғы жайылымға шығарғаннан кейін немесе малды тұраққа қояр алдында 1-2 ай бұрын ашық алаңдар мен жабық қораларға механикалық тазалық жасап, ағымды жөндеу, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында (аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу) туралы жеке және заңды тұлғалардың міндеті ретінде көрсетілген.
Заласыздандыру жұмыстары – 3 топқа бөлінеді:
1.Механикалық- мал қораны, басқадай мал тұрған орындарды су шашып сыпырады, әк (известь) арқылы мал қораның іші-сыртын ағарту жұмыстары, малдың тұрағының орнын, құрал-жабдықтарын тазартады.
2.Физикалық- ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу т.б. пайдалану арқылы атқарылады.
3.Химиялық- Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға тіркеуден өткен қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.
Залалсыздандыру жұмыстары Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 35-бабына сай, мал иесі қаражат есебінен жүргізіледі. Ал аулада, шаруа қожалығында, басқадай шаруашылық құрылымдарында қолайсыз ошақ белгіленген жағдайларда республикалық қор есебінен атқарылады. Залалсыздандыруда қолданылатын дәрілердің микроорганизмдерге әсер етуін, жануарларға улы емес болуын, суда тез еритініне жағымсыз иіс болмауын ескерген жөн.
Мал иелері тарапынан негізінен ағымды залалсыздандыру атқарылады. Оны атқару үшін жергілікті жердегі ветеринария мамандардың қызметіне жүгінген жөн. Ескелді аудандық ветеринариялық станциясында автокөлікке жабдықталған залалсыздандыру құралы бар. Оның қызметіне өтініш беру арқылы жүгінуге болады.
Құрметті аудан тұрғындары!!!
Адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулардың, эпизоотиялық тізбесін залалсыздандыру жүргізу арқылы жою, инвазиялық аурулармен күресу баршамыздың міндетіміз болып табылады. Осы орайда малды күтіп баптау, ұстау ережелерін қатаң сақтаған жөн. Аудан аумағында жиі кездесіп отыратын инвазиялық аурулардың алдын-алу шаралары назарда болғаны жөн. Осындай шаралардың арқасында Сіздер бір жағынан ауданның ветеринариялық қызметіне жәрдем көрсетсеңіздер, екінші жағынан аулаларыңыздағы малдарыңыздың денінің саулығын қалыптастырып, олардан алынатын өнімнің мөлшерін, сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасайсыздар.
Д.Тынысбаев,
ҚР АШМ ВБжҚК
Ескелді аудандық
аумақтық инспекциясының
бас маманы,
мемлекеттік ветеринариялық
санитариялық инспекторы