ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНІ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

28 қыркүйек күні Қарабұлақ ауылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Жер жәннаты Жетісу» атты Ескелді ауданының мәдениет күні аясында іс-шара өткізілді.
Мерекелік шара аудан әкімі Елдос Ахметовтың қыттықтауымен ашылды.
Ескелді би Жылгелдіұлының 330 жылдығына орай тұрғындардың назарына қойылым ұсынылды.
Халқымыздың ұмыт қалған салт-дәстүрлері көрсетілді.
Ағаш бұйымдарынан және тері өнімдерінен жасалған заттар, кітап, сурет, ауданның мәдени жетістіктері туралы көрмесі ұйымдастырылып, ауданымыздың өнертапқыштардың жасаған жұмыстары ұсынылды. Ауылшаруашылық өнімдері мен ауданда шығарылатын өнімдердің жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, көркемөнерпаздарының қатысуымен концерт өткізілді.