Құрметті қариялар !

Өрге қарай домаласа тасың да,
Талай дәурен өтті-ау сол бір жасыңда.
Бұдан артық бақыт бар ма, қартым-ау,
Немерең мен шөберең жүр қасында.

Жастарыңа ақыл айтсаң ұнай-ма?
Әлде мүмкін сөзге сынай-ма?
Тәңір берген ғұмырыңды жасай бер,
Қартайдым деп қайғырма-да, мұңайма?І

Қырау шалған сақалменен шашыңды,
Тау мен тасқа ұрдың басыңды.
Мұңға батып,мұнймашы,қариям,
Жасадым деп тәңір берген жасымды.

Қымбатты, аға ұрпақ ардагерлеріміз, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжірбиелеріңіздің, дарқан даналақтарыңыздың алдында басымызды иеміз. Сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсаулық,берекелі ұзақ ғұмыр тілейміз, айналаңыздағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі құтты болсын.


Б.К.Боранбаев,
Ескелді аудандық ардагерлер
ұйымының төреғасы