Аудан үшін бұл шынымен де үлкен оқиға

Аудан тұрғындарын үлкен оқиғамен аудан әкімі Елдос Ахметов құттықтады.
«Аудан үшін бұл шынымен де үлкен оқиға. Станция қызметкерлерінің қазір өз ғимараты бар. Жедел жәрдем станциясы алғашқы қажетті көмекті уақтылы көрсетуге ықпал етеді. Өз ғимаратының болуы станция қызметкерлерінің жұмыс сапасына да әсер етеді деп үміттенеміз», — дейді Елдос Тұрсынбайұлы».

Сонымен қатар, үлкен оқиғамен құттықтауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансенгіров келді.

Айта кетейік, жаңа жедел жәрдем станциясында тәулігіне аға фельдшер, жүргізуші және 4 желілік жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтін болады. Ал нысанның жалпы ауданы 110 шаршы метрді құрайды.