Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке алғаш рет 2013 жылы тойлана бастады. Еңбек күнін мерекелеудің басты мақсаты – еңбекке деген құрметті жандандыру, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру, отбасылардағы еңбек мәдениеті мен жұмысшы әулеттерінің дәстүрлерін жаңғырту, еңбек өнімділігін ынталандыру, оған жастардың назарын аудару, еңбек ұжымдарын біріктіру.
Елде мерекені ұжымдарда да, отбасыларда да атап өту жақсы дәстүрге айналды. Бұл мереке қазақстандықтардың еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметін білдіреді. Ол нағыз еңбектің қадірін білетін, оның нәтижесін мақтан тұтатындардың басын біріктіреді.
Осы мерекеге орай Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы Ескелді ауданы, Көкжазық ауылының тұрғыны, ауданның құрметті азаматы, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген азамат Досанов Қосан ағаны «Еңбек күнімен» құттықтап қайтты.
Айдын Ықыласұлы Досанов Қосан ағаны Еңбек күні мерекесімен құтықтап, денсаулық, ұзақ өмір тілеп, сыйлықтарын табыстап, ауданымызға зор үлесін қосқан ағамызға алғысын білдірді. Кездесу кезінде өзінің еңбек жолын есіне алып, сол кездегі қызықты оқиғалармен бөлісіп, ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.