Жемқорлыққа төзбеу, қоғамды алға жетелейтін күш

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі өзекті мәселерінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Бұл дерттің алдын алу үшін жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалсыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасу үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның құқықтық сауатына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барсында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Адамдар сыбайлас жемқорлық туралы білімнің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптастыруды оқу орындарынан бастаған дұрыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті, жемқорлықты анықтау, алдын алу және өз құзіреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту арнайы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмек көрсеткен, куәгерлік еткен адамдардың қауіпсіздігіне заңмен кепілдік берілген. Мұндай азаматтар мемлекет қорғауында болады, сондай-ақ, арнайыв сыйақы беріледі. Бұл жағдай азаматтадың белсенді іс-әрекет етуіне оң ықпалын тигізуде.

Рүстем ИЕМБЕРГЕН,
Ескелді аудандық
сотының бас маманы