Бала дамуындағы есту қызметінің рөлі айқын, есту қызметі арқылы бала қарым-қатынасқа түсіп, қоршаған ортаға бейімделеді. Бала туылғаннан бастап туа біткен рефлекстер арқылы қоршаған ортаға бейімделе бастайды. Бас миының құрылымы дамыған сайын бала тұрмыстық шулар, көшедегі дыбыстар мен өз дыбыстарының тембрі мен дауыс күшін ажыратып, оларға еліктеп дыбыс шығаруға, өзінің ішкі сезімдерін эмоция арқылы былдырлаған тәтті тілімен білдіреді.
Ал, есту қызметінде бұзылысы бар балалар қайтпек?
Заман талабына сай есту қызметінде бұзылысы бар балаларды ерте жаста анықтап, дер кезінде кохлеарлы имплант көмегіне жүгінеді. Кохлерлы имплант қосылған сәттен бастап, сурдопедагог маманының ұзақ әрі маңызды жұмысы басталады. Дүние естігін ашқан сәттен бастап, естімеген дыбысты КИ арқылы тыңдап, дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйренеді. Ең маңыздысы бала өзінің ата-анасының дауысын естіп ажыратуға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті — ойын екенін ескере отырып, сенсомоторлық интеграциялық ойындар арқылы шартты рефлекторлық қозғалғыш реакциясына сүйемелдеп ойындар ойнауға болады. Мысалға келтірер болсақ: «Ырғақты суреттер», «Сақ құлақ» ойыны, «Не дыбыстағанын тыңда да, тап», «Мұқият тыңда», «Кім зерек?» ойыны, «Дұрысын тап» ойындарын ойнауға болады. Есту қабілетін дамытуға арналған ойындарды сенсомоторлы интеграциялық ойындармен байланыстырып алғанда, баланың қызығушылығы оянып есту қабілетін қабылдауы мен есту қабілетінің жадысы қалыптаса бастағаны анық.
Ж.Джанбырбаева ,
«Жетісу облысының
білім басқармасы»
ММ Ескелді ауданының
«№8 ППТК» КММ
Мұғалім-логопед/сурдопедагог