Қазір уақытта еліміздің барлық сот мәжіліс залдары толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бүгінде барлық сот залдарында бейнекамера орнатылған. Бұл кез келген сот отырсының ашық, әрі барынша әділ өтуіне ықпал етеді. Арнайы аудио, -бейне құрылғылармен таспаға жазуды тоқтатуға, материалдарды редакциялауға ешкімнің құқығы жоқ. Жазылған және түсірілген материал бірден
Жоғарғы Соттың серверіне түседі. Кейін дискіге жазылып, іс папкасына тігіледі. Бұл жұмысты оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырып, қағазбастылық азайтты. Сот процесі аяқталысымен, сот отырысын толық көріп шығуға болады. Айта кету керек, қазір бейнебайланыс арқылы онлайн режимде сот мәжілісіне қатысып, сот төрелігін қашықтан жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Бейнеконференция байланысын пайдаланудағы негізгі мақсат процессуальдық істерді қарау мерзімдерін сақтау және азайту, сонымен бірге талапкер не олардың жақтастары, куәгерлер, эксперттер, мамандар, аудармашылар белгіл бір себептермен сот отырысына келе алмауына байланысты бейнеконференция байланысымен қатысуы мүмкіндігі туады. Бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен жолға кететін қаражатын үнемдеп, жемқорлыққа жол бермеуіне септігін тигізеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттардық қызметін қамтамасыз ету департаменті басышысының бұйрығымен бекітілген «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио, -бейне жазба құралдарын техникалық қолдану, дыбыс-бейежазбаны сақтау және жою, жазбаға қол жеткізу туралы» қағидаларына сай сот отырыстарын бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады. Сот отырсында озық технологиялар қолдану тараптардың сотқа деген сенімін арттыра түседі. Сонымен қатар, олардың өздерін сотта дұрыс, мәдениетті ұстауына ықпал етеді.
Лязат КОЖАХМЕТОВА,
Ескелді аудандық
сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы