«БЖЗҚ» АҚ2023 жылдың 21 қыркүйегінде (10:00)  онлайн форматта Ашық есік күнін өткізеді.   

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар».

БЖЗҚ мамандары нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем мөлшерін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейтінін естеріңізге саламыз.

Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселеден бөлек, өздерін қызықтыратын басқа да сауалдар бойынша білікті ақыл-кеңес ала алады.      

          Іс-шараға қатысу үшін онлайн тіркелу қажет.

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/weblink/register/ra5b9e89bab62da0c87afbdf520e39a6b).

Еvent-мәжіліс нөмірі: (2515 593 6757).

Еvent-мәжіліс паролі: (19092023).