Өткен аптада Ескелді ауданы әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов атқарған жұмыстары жөнінде мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің Мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» жарлығына сәйкес. Кезекті мәслихаттың ХІ сессиясына ауданнан мәслихатқа сайланған 13- депуттатың 10-ы қатысып, және сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов осы күнге дейін атқарған жұмыстары жөнінде өзекті мәселерді алға тартып айтып, оң шешімі шыққанында жеткізді. Есеп беру барысында депутаттар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, жауап та берілді. Сессия барысында аудандық мәслихаттың депутаты Раушан Біліспекқызы Мейірбековаға, Айдын Талғатұлы Құрманғалиевқа сөз берілді.
Раушан Біліспекқызы — «2023 –жылдың 1-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жасаған жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударып, тапсырмалар берді. Көпбалалы, әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға жан-жақты жағдай жасалынып төлемақылар төленуде. Ең төменгі айлық жалақысы 2024 жылдың 1-і қаңтарынан бастап 85000 теңгеге ұлғаяды.
Биылғы оқу жылынан бастап, Республика бойынша 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік жағдайларына қарамастан тегін тамақтанатын болды. Біздің ауданымызда да осы тапсырма аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр.
Көшелер жарықтандырылып, асфальт төселуде. Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында медициналық пунктерді күрделі жөндеуден өткізу және жаңадан салу, оларды жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Абай, Ешкіөлмес ауылдары төтенше жағдайға ұшырап, нөсер жауыннан болған, су шәю мәселесінде орын алған жағдаяттарға да аудан әкімдігі мәселені шешудің жедел түрде жолдарын қарастырды. Жалпы атқарылған жұмыстарды ескере отырып, аудан әкімі
Елдос Тұрсынбайұлының есебін қанағаттанарлық деп бағалауды ұсынамын»-деді. Сессия соңында депутаттар аудан әкімінің атқарған жұмыстарына «Қанағаттанарлық» деген баға берілді.
ЖШ ақпарат