Ұлы дана Абай өз ойында «Адамды адам ететін еңбек, ақыл, қайрат, білім, өнер, қайырлы әрекет, әдепті әдет» деп білдірсе. Пайдасыз әдеттер кісінің өміріне зиян тигізетіні сөзсіз дегім келеді. Бұл Абайдың 18-ші қара сөзінде: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деп анық көрсеткені бәрімізге мәлім. Бірақ кей адамдар оны басқаша түсініп жататынын өкінішті. Басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық», – деп ойлаймын. Біз де білім саласында өз үлесімізді жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақтан бастауды жөн көрдік. Мектеп өмірінде өтіп жатқан әр іс-шараны сыбайлас жемқорлықпен күреспен байланыстыруға тырыстық. Білім алушыларды адалдыққа, шындыққа, еңбекқорлыққа, әділдікке тәрбиелеу басты міндет болып табылып отырғаныны айтып өткім келеді.
Еңбекпен тапқан дүние жемісін берері сөзсіз. Неге бұндай сұрақ қозғап отырғанымды айтып кетсем, ол мектеп ауласындағы гүлзарларды жазғы демалыс уақытында суарып, баптап өсірген гүлдері қазіргі таңда мектеп ауласын гүлдендіріп тұр. Қарасаң көзің тоймайды.Әрине бұл-еңбек. Сонымен қатар ауылдағы ақсақал ата-апаларға қол ұшын беруді де әдетке айналдырып келеді. Бұл әрекеттерімен мейірімділіккке,қамқорлыққа тәрбиелеу дәні екенін білеміз.
Қарап отырсақ жасап жатқан жұмыстар көзге көрінбегенімен нәтижесі бала жүрегінің түбінде қалынып жатқанын білеміз. Білім алушылармен бірге ата-аналарды да қатар алып тәрбиелеп келе жатқанымызда айтып ауыз толтыруға болады. Оның дәлелі мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында «Ата-аналар академиясын» құрып, жұмыс жүргізуге белсене кірісіп кеткеніміз дәлел болмақ. Оқу жылы бастала салысымен түрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар, сауалнамалар, ата-аналармен сұқпаттасу, кездесулер іске асып жатыр. Әр мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлестерін қосып отырғанын айтып өтуге болады. Сондай-ақ жоғарғы оқу орны бітірген педагог мамандардың жұмысқа орналасуы да барынша әділ өтуде. Маман тапшылығы болған жағдайда әлеуметтік желіге жариялап, конкурс ұйымдастырып ашық әрі әділ өтуде. Аудан бойынша 70- жуық мамандар қабылданып, қазіргі таңда жұмыстарын өз деңгейінде жүргізіп, жол көрсетер тәлімгерлер бекітіп жатқанын айтуға болады. Тоқсан ауыз сөздің табықтай түйіні болары сөзсіз дей келе әлемді жайлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті балабақша мен мектеп табалдырығынан бастап күресуді жөн көрдік. Әрине бұл үлкен жұмыс болмаса да, мемлекетімізге қосқан үлесіміз деп білеміз. Сөз басында Абайдың сөзіне оралсам, әлемді білімен жайлайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық» сондықтан болашақ ұрпақ дүниеге емес, білімге қанағаттанбау керек деген сөзімен аяқтағым келеді.
М.Бектуров
Білім бөлімінің басшысы