Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын түсіндіру бағытында Аманат парттясы Ескелді аудандық фракция мүшелері Дюсенбинов Айдын Қасымұлы, Тортаева Үміт Бахтыбекқызы және облыстық мәслихат депутаты Оспанов Жанат Танибергенұлы Бақтыбай бастауыш партия ұйымының белсенділерімен кездесті.
Жолдауда елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, ауыз су мәселесі, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылғандығы жайында Тортаева Үміт Бахтыбекқызы ақпарат берді.
Жолдаудың ең басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту болып табылатындығы айтылды.
Жиын соңында партиялықтар тарапынан Президент жолдауына қатысты пікірлерін білдіріп, жолдауда айтылған әрбір бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.