Enbek мобильді қосымшасында жаңа мүмкіндіктер пайда болды

Бастау Бизнес -жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жазылуды және мемлекеттік грант алуды енді Enbek мобильдік қосымшасында ресімдеуге болады. Жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алу қызметтерімен қатар азаматтарға Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтері қолжетімді болды.

Enbek мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жазыла алады, сондай-ақ өтініш беруден бастап шартқа қол қоюға және нысаналы пайдалану туралы есептерді тапсыруға дейінгі өздерінің бизнес – идеяларын іске асыруға 1,38 млн теңгеге (400 АЕК) дейінгі сомаға мемлекеттік грант алудың барлық сатыларынан өте алады.

Enbek мобильді қосымшасын пайдаланудың мынадай артықшылықтары бар:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Енді өтініш беру мен шартқа қол қою тікелей мобильді құрылғыда жүзеге асырылады. Ол үшін смартфонда eGov Mobile қосымшасы болуы керек.
  1. Көп арналылықты арттыру. Компьютердің немесе ноутбуктің болмауы бұдан былай қиындық тудырмайды, себебі ендігі жерде жұмыспен қамту қызметтері мен мемлекеттік грантты смартфон арқылы да алуға болады.
  1. Әрқашан хабардар болыңыз. Мобильді құрылғыдағы Push-хабарламалар грантқа берілген өтінішіңіздің қаралу мәртебесі туралы уақтылы хабарлап отырады.

Бұл қоcымша тегін және PlayMarket және AppStore қосымшаларында қолжетімді. Алдағы уақытта оның функционалдылығы кеңейтіліп, жаңа cервистер мен қызметтер қосылады.