Жемқорлыққа жол жоқ

Бүгінгі таңда мемлекетіміз қарқындап басып,күн санап өркендеп өсіп қанатын кең жайып келеді. Дамуымызды тежеп тұрған бірақ нәрсе ол сыбайлас жемқорлық. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдақтарының бірі ретінде айқындалған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің белсене ат салысатын ісі. Осыған байланысты әр бір мемлекеттік органдарда оған қарсы әрекеттің іс- шаралар жоспары белгіленіп бекітіледі, сондай ақ тиісті ауқымды жұмыстар атқарылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды барлық жеке және заңды тұлғалар назарда ұстауы керек. Мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайластықпен куресте жазалау шараларымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды екенін назарда ұстаған жөн.ҚР ауылшаруашылық министірлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекцияларымен фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру жөнінде тауар тасмалдаушыларға республикадан тыс жерлерге фитосанитариялық сертификат, республика аумағында карантиндік сертификат береді. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі. Фитосанитариялық сертификат (3 бес) жұмыс күні ішінде, карантиндік сертификат (1үш) жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Рәсімдеу жұмысы төмендегідей жұмыс кестесі бойынша жүргізіледі. Дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00.14-30 дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00.18-30 дейін, ал демалыс мереке күндері сертификат рәсімдеу ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Н.И.Исағалиев,
Ескелді аудандық аумақтық инспекциясының басшысы