Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес

Еркіндік алып күннен күнге гүлденіп келе жатқан біздің мемлекетіміздің одан әрі ілгері дамуына кедергі жасайтын сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа саясатын іске асыруға кірісті.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты мақсаты – мемлекет және қоғам күштерін біріктіру, сыбайлас жемқорлықтың қайдан пайда болатын себептерін тауып, оны жоюдың жолын іздестіру керек. Жемқорлық қоғам дерті. Дертінің емі онымен күрес.

Мемлекеттік қызметке ашық конкурстық іріктеу механизмі, мериократия принциптерін жүзеге асыру жайында жұмыс жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, қоғамда оны қабылдамау айтарлықтай нәтиже бар деп айтуға болады.
Ол үшін азаматтардың басым көпшілігі осы жұмысқа өз үлесін қосуға дайын болу керек. Мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-өнегелік бейнесін нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға уақыт жетті. Ол үшін көптеген әр түрлі жұмыстың жолдарын қарастыру керек.
«Тұлғалар мен лауазымдарға қарамастан сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресу қажет, басқару корпусы сөзсіз тазаруы және жаңғыруы қажет.» Осындай Елбасының сөздері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ең басты негізінің бірі болып саналады.
Бұл сөздер ең бірінщі кезекте сыбайлас жемқорлықты туындататын тереңге тамыр жайған факторларды қалай жоюдың жолдарын іздестіруге итермелейді.
Сондықтан біз мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын орындау үшін біз қандай жағдай болмасын оның қөрінісіне жол бермеуіміз керек. Өйткені, ол қазіргі заманда біздің қоғамның алға басуға кедергі жасайды. Ескелді аудандық қазынашылық басқармасы ұжымы да осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанады және жұмыс барысында басшылыққа алады.

А.М.Башабаева,
Ескелді аудандық қазынашылық