Бакытты отбасы

Халықаралық отбасы күніне орай «Бакытты отбасы» партиялык жобасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің орта буын оқушыларымен ата-анамен оқушы арасындағы ізгі қарым — қатынастың орындалуына ықпал ету және отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету мақсатында директордың тәрбие орынбасары Г. Д. Сарыева, А. К. Наушабаева, педагог ұйымдастырушы Н. М. Байгутова жоғарғы буын оқушыларымен «Отан — отбасынан басталады » тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбие сагатында дәріс оқылып, тәрбиелік мәні бар бейне роликтер көрсетілді. Оқушылар отбасы туралы ой — пікірлерін ортаға салды. Аудандық мәслихат депутаты Тортаева Ұміт Бахтыбекқызы сөз алып, оқушыларға отбасы ол тәлім мен тәрбиенің үлгі өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы екендігі туралы және отбасы құндылықтары туралы айтып өтті.