Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінімді енді онлайн тапсыруға болады.
💻Ол үшін электрондық үкімет порталында «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміндегі қызметті таңдап, өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
⚡️Естеріңізге сала кетейік, бұрын жұмыс берушілер қате төленген әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының артық аударылған сомаларын қайтару үшін Мемлекеттік корпорацияға келіп өтініш жазуға мәжбүр болатын.