«AMANAT»-тың БҚО-дағы Саяси кеңестер құрамы 50,3%-ға жаңарды

Өңірлерде «AMANAT» филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасып жатыр. Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХХІІІ конференциясы өтті.

Делегаттар партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын бекітті. Осылайша, 12 аудандық филиалдардағы Саяси кеңестердің құрамына 108 адам кірді. Биыл аталған кеңестердің құрамы 50,3%-ға жаңарды. Оның 25,34%-ы – жастар, 36,65%-ы – әйелдер.

Осы күні «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Тасқала ауданына барып, партия активімен және жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында 2 сағат көлемінде ауданға қатысы бар ауылдық жерлердегі өткір мәселелер, әкімдердің рөлі, мәртебесі, қызметтеріндегі кедергілер, әлеуметтік мәселе секілді ауқымды тақырыптар қозғалды.


⚡️В регионах продолжаются отчетно-выборные конференции филиалов партии «AMANAT». Сегодня состоялась ХХХІІІ конференция Западно-Казахстанского областного филиала партии.

Делегаты утвердили новый состав политических советов в районных и областных филиалах партии. Так, в состав политических советов в 12 районных филиалах вошли 108 человек. В этом году состав этих советов обновился на 50,3%. Из них 25,34%-молодежь, 36,65% – женщины.