Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары!
Ескелді ауданының «Қазақтелеком»АҚ құрылыс мекемелерінің жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының байланыс желісін қорғау аймағында жұмыс жүргізуді реттейтін нормативтік актілерінің, атап айтқанда:
-05.07.2004ж. № 567 «Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының;
- ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.24.12 №281 бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желісін қорғау ережесінің» бұзылып отырғанын жеткізеді.
Заңнама талаптарына сәйкес, байланыстың кәбіл желілері арнажолында осы желілер бойымен жерасты кәбіл жолының екі жағынан 2 метр қашықтықта орналасқан әуе байланысы желісінің тұйықталған сымдарынан немесе жерасты кәбілінің жолынан өтетін қатарлас жатқан жер учаскесі түрінде қорғау аймақтары белгіленеді. Қорғау аймағында немесе байланыстың қәбіл желілеріне жақын жерде қандай да бір жұмыс жүргізу үшін жұмыс басталар алдында 3 тәулік бұрын жазбаша рұқсат алып, барлық жұмыстарды тек байланыс кәсіпорны өкілінің қатысуымен орындау қажет.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген нормативтік актілер талаптарын сақтау бойынша нұсқама жүргізуіңізді сұраймын. Түсіністікте болуға және телекоммуникация желілерінің бұзылымдарына жол бермеуге іс жүзінде ықпал ететініңізге үміт артамыз.
Ақпарат ретінде жұмысты бастар алдында:
-Карабұлақ ауылы ЖДБ «Алматытелеком» ЖЖТТ өкілін 303-316, 32323, 31717, (8 708 463 30 00). телефондары арқылы шақыру; - жұмыстан тыс уақытта жер қазуға байланысты байланыс желісінің қорғау аймағында шұғыл апат жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда, 3-07-11 телефондары арқылы Карабұлақ ауылы «Алматытелеком» ӨТД Жедел кезекшілер учаскесіне (ЖКУ) телефон шалу қажет екендігін хабарлаймыз.
C.Мырзахметов,
Текелі-Ескелді ЖТЦ бастығы