Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру (автоматтандыру) бағытына қазір қаражат жұмсалғанымен, ол жақын болашақта өзін-өзі артығымен ақтайды. Қазіргі заманда талап пен сұраныс, жаңа технологияларға деген қажеттілік бұрыннан бетер артып келеді. Сонымен қатар, өзгерістердің жылдамдығы көзге ілеспейді деген артық айтқандық емес. Сол себепті, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген дана халқымыз айтпақшы, көшке біз де ілесіп, артта қалмаудың қамын ойлап келеміз. Бұл ретте, мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтер саласын, жалпы барлық саланы цифрландыру мақсатында «Цифлық Қазақстан» бағдарламасы дер кезінде қабылданды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 90 %-дан астамы автоматтан-дырылды. Дегенмен, осы бағыттағы жұмысты жеделдету қажеттілігі баршамызға мәлім.
Бұл ретте, тек мемлекетке салмақ салудан арылып, бұл іске басқа да институттарды тартқан (коммерциялық ұйымдар, қаржылық ұйымдар, бизнес т.б.) жөн.
Атап айтқанда, Kaspi.kz, Halyk қаржылық ұйымдарының халыққа өз қызмет түрлерін мейлінше оңай, тиімді саналы көрсетуі ешкімде күмән тудырмайды.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үшін де осындай институттарды барынша пайдалануға болады.
Бүгінгі күні, Kaspi.kz пен ЦДМИАОМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып жеке кәсіпкерді тіркеу, автомобильдерді тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді сәтті Kaspi мобильдік қосымшасында іске қосты.
Мен, бұл «бірінші және соңғы жоба» емес екендігіне үлкен сенім білдіремін. Осы тәрізді жобаларды үкіметтік емес ұйымдар мен институттамалар бірге жүзеге асыру, бір жағынан мемлекеттік бюджетке де салмақты анағұрлым азайтады.
Барынша электрондық түрде қызмет көрсетілсе, соншалықты ашықтық, айқындық, тазалық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату, халық үніне құлақ асатын мемлекеттік басқару жүйесі жетіле түседі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта әрқашан көңіл бөліп келеді. Оның дәлелі, жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік қызметтер мәселелері ерекше орын алады, аталып өтеді.
Менің ойымша, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлық қоғам өкілдері бұл мәселеде бастамашылдық танытып, өз ұсыныстарын жолдау қажет.

А.Кулахметов,
Қоңыр ауылдық округінің әкімі