Талдықорған қаласы аумағында автокөлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көше қиылыстары тағы да 16 жаңа бағдаршаммен толықпақ.
Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Сланов — Ескелді би, Қабанбай батыр — Шахворостов, Қонаев — Рүстембеков, Желтоқсан — Дарабоз ана, Уәлиханов — Балпық би, Уәлиханов — Ескелді би, Әлімжанов — Қабанбай батыр, Уәлиханов — Ақын Сара, Н. Назарбаев даңғылы — Б. Момышұлы, Төлебаев — Балпық би, Төлебаев — Желтоқсан, Абылай хан к\сі Гузель дүкені, Ақылбеков — Шахворостов, Абылай хан – Байсейітов, Балапанов — Зылиха Тамшыбаева, Талдықорған — Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ықшам ауданында орнатылады.
«Бағдаршамдарды орнатуға жауапты мердігер — «Компания Орда Құрылыс» ЖШС.
Бүгінгі таңда қаланың 8 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылғандығын айтып өткен жөн. Нақтырақ айтқанда, Сланов — Ескелді би, Уәлиханов — Ақын Сара, Уәлиханов — Балпық би, Уәлиханов — Ескелді би, Н. Назарбаев даңғылы — Момышұлы, Қонаев — Рүстембеков, «Талдықорған — Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ы\а және Төлебаев — Балпық би көшелері. Бағдаршамдарды орнату жұмыстары осы жылдың қазан айына дейін жалғасады», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.