Аталған қоғамдық қабылдауды Ескелді аудандық мәслихат депутаты, Тортаева Үміт Бахтыбековна азаматтарды қабылдап, тұрғындардың тілек-ниетін тыңдады.
Мәселен, аудандық мәслихат депутатымен жүздескен аудан тұрғындары әлеуметтік-материалдық көмек көрсетуді өтініп, жеке басындағы мәселесін айта келді. Тортаева Үміт Бахтыбековна мұқтаж атамыздың мәселесін тыңдап материалдық көмек көрсетті.
Тортаева Үміт Бахтыбековна аудан тұрғындарын қабылдап, әлеуметтік, қоғамдық және өзгеде ортақ түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етілуіне бағыт-бағдар берді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініші негізінде қолданыстағы заң аясында толық кеңестер, түсіндірме жұмыстары беріліп, халық қалаулысы барлық мәселені зейін қойып тыңдап, тұрғындар мәселесін шешудің жолдарын ұсынды.