ТАҒАЙЫНДАУ
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Серікұлы Қанағатов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Әсет Серікұлы ҚАНАҒАТОВ
1977 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын қаржы және несие, құқық бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысындағы «Автотехқызметкөрсету» ЖШС-ның экономист-бухгалтері болып бастады.
Әр жылдары «Талдықорған электр желісін тарату компаниясы» ААҚ экономист-бухгалтері, Алматы облысының қаржы басқармасының жетекші маманы, Көксу ауданының қаржы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, Текелі қалалық экономика және қаржы бөлімінің, қаржы бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болды.
Бірнеше жыл шағын және орта бизнес саласында еңбек етті.
2023 жылдың мамыр айынан бастап Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.