Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды

2023 жылғы 18 тамызда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның  «TCS Logistics Private Limited» ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Пәкістанға/Пәкістан арқылы экспорттық/импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады, оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

primeminister.kz