«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын сақтау әрбіріміздің борышымыз. Бүгінгі күні мемлекет пен қоғам болып жемқорлықпен күресіп келеміз. Әр адам өз санасында жемқорлыққа қарсы күресті нығайтса, жемқорлықпен өзінен бастап жұмыс істесе, қоғамда бұндай дерт орын алмайтын еді. Сонымен қатар жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарламалар негізінде де жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелер барынша күш салып жұмыстар жүргізіп келді. Мемлекеттік мекемелердің абыройына нұқсан келмес үшін, қызметкерлер қатаң Заң талаптарын сақтап жұмыстарын жүргізіп келеді. Сыбайлас жемқорлық дертін түбегейлі құртып, болашағымызды жемқорларсыз жалғастыру үшін қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен тамыр жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.
Көкжазық ауылдық округінің әкімдігі