Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне де зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тиігізіп отыр.Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Осыған орай түрлі іс-шаралар дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып жүзеге асып, оң нәтежелі болып та жатқан жақтарыда жетерлік. Сол себепті кім де кім болса да бұл құбылысқа бей-жай қарамауы тиіс. Елдің болашағына, келешек ұрпаққа кесірін тигізбесін десек қазірден бастап бұл зұлымдықпен бірлесе күрескеніміз жөн деп санаймын.
Унат Алия,
«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты»
ММ-нің жастар
практикасына қатысушысы