Мүгедектігі бар тұлғаларға қолжетімді орта құру

Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етілуіне Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың/субъектілердің қолжетімділігі бөлігінде мемлекеттік бақылау мақсатында профилактикалық бақылауды және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған жағдайда жоспардан тыс тексеруге жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 154 бабы 6-тармағына сәйкес инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі тиіс.
Мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы көзделген.
Лауазымды адамдарға (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) қатысты айыппұл сомасы – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде құрайды.
Департамент тарапынан мүгедектігі бар тұлғалардың заңды құқықтарын кедергісіз іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.

З. Илимжанова ,
Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Жетісу облысы
бойынша департамент басшысы